12 сәуір 2020 | 12:25

Лифт батырмаларына түкірген алматылық қамауға алынды

Алматыда тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифт батырмаларына түкірген ер адам 15 тәулікке қамауға алынды , - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифт батырмаларына түкірген ер адам 15 тәулікке қамауға алынды , - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндай шешімді Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот шығарған.

Реклама
Реклама

"Оның заңсыз әрекеттерін бейнебақылау камералары жазып алған. Әкімшілік материалдар дереу әкіммшілік кодекстің екі бабы бойынша жиналды: ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық) және ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы, 6-бөлігі ("Төтенше жағдай режимін бұзу"). Ал бүгін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 1979 жылғы ер адам осы құқықбұзушылықтар үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Қылмыскер әкімшілік қамауға алынғандар отыратын ПД-нің қабылдап-тарату орнына орналастырылды”, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.

Мұның алдында ер адам осы әрекетіне қатты өкінетінін айтып, халықтан кешірім сұраған еді. "Ашулы күйімде жедел саты түймелеріне қақырып жібердім. Осыған байланысты барлығынан, соның ішінде тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын", – деген еді алматылық.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная