11 сәуір 2020 15:16

"Ашуланып, лифт батырмаларына түкірдім". Ер адам жауапқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда лифт батырмаларына түкірген бұзақы жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматыда лифт батырмаларына түкірген бұзақы жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұның алдында Желіде видео тараған, белгісіз ер адам Алматыдағы ТК-нің лифтіндегі батырмаларға түкірген болатын. Бұзақы табылды. Ер адамның заңсыз әрекеттері "Алатау сити" тұрғын үй кешеніндегі кіреберістің бірінде орнатылған бейнебақылау камерасына түскен.

"Оның жеке басы анықталды, ер адам ҚР ӘҚБК 434-бабында ("ұсақ бұзақылық") көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша полицияға жеткізілді және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шешім қабылдау үшін іс материалдары сотқа жіберілді", - деді Алатау аудандық полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.

Сонымен қатар, құқық бұзушы жасаған ісіне өкінетінін айтып, қоғамнан кешірім сұрады.

"Ашуланып, лифт батырмаларына қақырдым. Осыған байланысты тұрғын үй кешенінің тұрғындары алдында кешірім сұраймын", - деді ол

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети