26 қараша 2021 15:00

Лифтте түкірген астаналық қалай жазаланғаны белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдегі лифт есігіне түкірген ер адам 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы елордалық сотта айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдегі лифт есігіне түкірген ер адам 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы елордалық сотта айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысы барысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты.

"Сот шешімі бойынша, ер адам ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген құқық бұзу әрекетін жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды", - деп мәлімдеді сот өкілі.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Нұр-Сұлтандағы "Медина" тұрғын үй кешенінің лифтінде болған оқиға видеосы Желіде жарияланғаны хабарланған болатын. Видеодағы лифтке кірген үшеудің әрекеті жұрттың ашуын келтірді. Кейін лифтте түкірген тұрғын ұсталғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети