26 қыркүйекте жоғалып кеткен Лисаковск қаласының 32 жастағы тұрғыны Надежда Потапова өлі табылды, - деп хабарлайды "Алау" басылымы.
26 қыркүйекте жоғалып кеткен Лисаковск қаласының 32 жастағы тұрғыны Надежда Потапова өлі табылды, - деп хабарлайды "Алау" басылымы.
Екі баланың анасы - Потапованың қаза болғаны жайлы осыған дейін әйелді іздестіру жұмыстарына белсенді қатысқан Дарья Скворцова есімді қыз хабарлады. "Надежданы іздестіру жұмыстарына көмектескен адамдардың барлығына алғыс айтамын: еріктілерге, ол жайлы хабарламалар таратқандарғанға. Біз сіздерге алғыс айтамыз. Отбасыларыңызға денсаулық тілеймін. Надежда саяжай жақтан табылды, өкінішке орай, ол өлі табылды", - деп жазды ол "ВКонтакте" желісіндегі FOX Town - Лисаковск наш город! тобында.
Айта кетейік, қайтыс болған әйел кәсіпкерлікпен айналысқан екен, сондай-ақ ол интернатта мұғалім болып қызмет еткен. Лисаковск қаласының прокуроры Еркін Тайкешовтің айтуынша, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.