Қостанай облысының полицейлері Лисаковск орталығында жалаңаш серуендеген ер адамның аты-жөнін анықтады. Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер Tengrinews.kz тілшісіне ер адамның ұсталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Іс ары қарай қаралуы үшін сотқа жіберілген. Полициядағылар бұл бап бойынша ер адамға не 10 АЕК көлемінде айыппұл (21 210 теңге) салынатынын, не оның 10 күнге қамалатынын айтады.

Сонымен қатар, полициядағылар ер адамның неліктен бұл әрекетке барғанын айтып берді. Бұзақының сөзі бойынша, ол үш күн бойы ішімдік ішкен, сол себепті көшеге жалаңаш күйде шығып кеткен.
Еске салайық, Қостанай облысының Лисаковск қаласында жалаңаш күйде көше бойымен серуендеп жүрген ер адам байқалған. Сенбі күні, 17 қыркүйекте қаланың орталығында болған. "Ол шегіп алған секілді. Оны жанынан өткен барлық адам суретке түсіріп алды. Ол болса бар байлығын көрсетіп, өзімен өзі жүре берді!", - дейді куәгерлер.