Лисаковскіде ер адам бесінші қабаттың балконынан түсіп келе жатып, үшінші қабатқа жеткенде құлап кеткен, - деп хабарлайды "ТоболИнфо".
Лисаковскіде ер адам бесінші қабаттың балконынан түсіп келе жатып, үшінші қабатқа жеткенде құлап кеткен, - деп хабарлайды "ТоболИнфо".
Оқиға 19 мамырда 4-ықшамауданда болған. Басылымның мәліметінше, ер адам 5-қабаттағы балконнан түсуге әрекет жасаған. Бірақ 3-қабаттағы балконға дейін түсіп, кейін жерге құлаған. Ол түсіп бара жатып, қаржы туралы проблемасын айтып, анасынан кешірім сұраған.
"Мама, мені кешір. 20 миллион ақшаны құрттым, неге мені түсінбейсіз", - деді ол.
Сол уақытта далада тұрған әйел адам одан балконнан секірмеуін сұраған. Қазіргі уақытта 1986 жылғы ер адам қалалық емхананың хирургия бөлімінде жатыр.