15 желтоқсан 2022 09:31

ІІМ Алматыда 5 жыл бұрын резонанс тудырған жол апаты қорытындысын жариялады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

patrul.kz/видео кадры patrul.kz/видео кадры

Ішкі істер министрлігі 2017 жылдың шілдесінде адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасын тергеу қорытындысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігі 2017 жылдың шілдесінде адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасын тергеу қорытындысы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2017 жылдың 30 шілдесінде Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болды. Mercedes S-class көлігінің 19 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні - коммуналдық қызмет қызметкерін қағып кетті. Соққыдан ер адам бөлініп кеткен. Марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды. Қымбат көлік жүргізушісі жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін полиция оның кім екенін анықтап, ер адам қамауға алынды.

2017 жылдың желтоқсанында Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы іс екі рет тоқтатылып, кейін қайта басталғанын хабарлады. ІІМ қылмыстық іс Mercedes-Benz маркалы көлік жүргізушісінің жаяу жүргіншіге дейін көлікті шұғыл тежеу арқылы соқтығысудың алдын алуға техникалық мүмкіндігі болмауына байланысты тоқтатылғанын түсіндірді. 2017 жылғы 26 желтоқсанда Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Mercedes жүргізушісін үш жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы қаулы шығарды.

2018 жылдың шілдесінде Ішкі істер министрлігі бұл іс әлі де тергеуде екенін хабарлады.

Бұл тергеу аяқталды ма, жүргізуші куәлігі қайтарылды ма, оның меншігінде көлік бар ма, жоқ па білу үшін Tengrinews.kz тілшілері Ішкі істер министрлігіне жүгінді.

Сауалға жауап ретінде ІІМ қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігі негізінде тоқтатылғанын хабарлады.

"Қылмыстық іс материалдарымен танысу қорытындысы бойынша қылмыстық процеске қатысушылардан, яғни зардап шеккендер мен күдікті тұлғалардан арыздар мен өтініштер түскен жоқ. Шешім Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасымен келісілді", - деп хабарлады ІІМ.

Бұл ретте министрлік қалғаны азаматтың жеке деректері екенін алға тартып, жүргізуші үш жылдан кейін қайтадан жүргізуші куәлігін алған-алмағаны туралы пікір білдіруден бас тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети