ІІМ Алматыда адам өлтіргіш аю туралы расталмаған ақпаратты таратпауды өтінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ Алматыда адам өлтіргіш аю туралы расталмаған ақпаратты таратпауды өтінді © igromania

ҚР ІІМ Алматы шипажайларының бірінде адам өлтіргіш аю туралы расталмаған ақпаратты таратпауды өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ Алматы шипажайларының бірінде адам өлтіргіш аю туралы расталмаған ақпаратты таратпауды өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Әлеуметтік желілерде Алматыда аюдың екі ер адамға шабуыл жасалды деген вирусты жаңалық тараған. Бүгінгі күнде еліміздің аумағында ондай жағдай тіркелмеген. Жарияланған мәліметтер жоққа шығарылды. Суреттер басқа елде түсірілген", - деп түсіндірді ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

"Осындай жағдайлардың әлеуметтік желілерде жиілеп кетуіне байланысты, азаматтарға сенімді дереккөздерге жүгінуді ескертеміз. Сенімсіз дереккөздерден келген мәліметтерді ары қарай өзіңіздің таныстарыңызға таратпауды сұраймыз. Жалған мәліметтерді тарату қылмыстық жауапкершілікпен қудаланады", - деп  атап өтті ҚР ІІМ-нің ресми өкілі.

Осыған дейін ресейлік БАҚ таратқан кісі өлтіргіш аю туралы мәліметтер Желіде бұрыннан тарап жатыр. "Алайда оқиғаның соңын табу қиын болып жатыр. Суреттер Приморе өлкесінде, Хабаров, Амур және Сахалин облыстарында тараған. Әрбір өңір осы қанды оқиғаны өзінің жеріне тиесілі екенін алға тартуда", - деп жазады Progorod11.ru басылымы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети