ІІМ өкілдері қазақстандықтарға WhatsApp арқылы жеке куәліктер мен банк карталарының суреттерін жібермеуге кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ өкілдері қазақстандықтарға WhatsApp арқылы жеке куәліктер мен банк карталарының суреттерін жібермеуге кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Парольдерді жиі өзгерту керек (әлеуметтік желілерде, телефонда. - Ескерт.) қазір телефонда барлығы сақталады, оның себебі - өзіңізді қауіпсіздендіру. Әрқайсыңыз жеке куәліктің фотосуретін жақын адамға WhatsApp арқылы жіберген шығарсыздар немесе банк картасының суретін, картаның кері жағын жолдап көрген шығарсыздар. Бұлай жасауға болмайды, өйткені бұл онлайн-сатып алу үшін жеткілікті. Интернетті пайдаланудың қарапайым ережелері бар", - деді Криминалдық полиция департаменті киберқылмыспен күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев ІІМ-де өткен брифингте.
Оның айтуынша, биыл мыңнан аса интернет-қылмыс ашылған, 388 адам ұсталған.
"Интернет-алаяқтықтың көпшілігі трансшекаралық сипатқа ие, бұл қылмыстардың байланыссыз түрі. Алаяқтар желіні пайдаланады, сондықтан қылмыскер бір аймақта, ал жәбірленуші - басқа аймақта болуы мүмкін. Бізде алаяқтар шетелден қылмыс жасаған фактілер бар", - деді ол.
Әсіресе алаяқтардың қолынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент тұрғындары зардап шегеді екен.