Магнитудасы 4,2-ге тең жер сілкінісі Алматыдан 524 шақырымда болды

Жер сілкінісінің ошағы көрсетілген карта. ©Some.kz

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 524 шақырым жерде магнитудасы 4,5-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі 26 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 05.55-те тіркелді. Зілзала эпицентрі Қытайда болған. Тереңдігі - 10 шақырым. Зілзаланың энергетикалық классы - 9,7. 

Еске сала кетейік, 23 желтоқсанда Талдықорғанда кешкі уақытта магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Оның эпицентрі Талдықорғаннан 4 шақырымда және Алматының солтүстік-шығысында 239 шақырымда болды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама