Қазақстан аумағында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.
Қазақстан аумағында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулері 11 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 07.45-те тіркелді. Оның эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 77 шақырымда анықталды. Тербелістің энергетикалық класы - 9,1. Дүмпу 30 шақырым тереңдікте болды. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ. Алматыда жер сілкінісі сезілмеді.
Еске сала кетейік, 10 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 06.50-де Алматыдан шығысқа қарай 385 шақырымда жер сілкінісі болған еді. Магнитудасы 4,1-ге тең сілкіністің ошағы Қытай аумағында, бес шақырым тереңдікте анықталды. Оның энергетикалық класы - 9,5. Зардап шеккендер мен қираған нысандар болған жоқ. Алматыда жер сілкінісі байқалмады.