МАК Алматы түбіндегі әуе апаты туралы түпкілікті есепті жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

МАК Алматы түбіндегі әуе апаты туралы түпкілікті есепті жария етті Алматы түбінде CRJ-200 апатқа ұшыраған жер. Фото gazeta.kz сайтынан

Мемлекетаралық авиация комитетінің (МАК) комиссиясы Алматы түбіндегі CRJ-200 UP-CJ006 апатын тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті есепті ұсынды, Tengrinews.kz редакциясы құжатқа қол жеткізді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекетаралық авиация комитетінің (МАК) комиссиясы Алматы түбіндегі CRJ-200 UP-CJ006 апатын тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті есепті ұсынды, Tengrinews.kz редакциясы құжатқа қол жеткізді. 

МАК сарапшыларының қорытындысына қарағанда, әуе көлігі тұман жағдайында "экипажға берілген екінші айналымға кету жөніндегі шешімді іске асыру" барысында апатқа ұшыраған. "Биіктік рулінің тік шүйілуде ауытқуы салдарынан ұшақ жіті төмендеуге ауыстырылды да, жерге соқтықты", - делінген құжатта.  

"Ұшақтың тік шүйілуге ауысу себебін, қолда бар мәліметтер бойынша, анықтау мүмкін болмады. Комиссия апатты жағдайдағы ұшу кезінде авиация техникасының істен шығу белгілерін таппады, сондай-ақ екінші айналымға кетуді орындау кезінде ұшаққа сыртқы әсерлердің болғаны (мұз қату, желдің итеруі, ұйысқан ауа ағынына тап болу) да анықталмады", - делінген сарапшылардың қорытындысында. 

МАК әуе апатына себеп болуы мүмкін ықтимал факторларды атады:

- басқарушы ұшқыштың (әуе көлігі командирі) еңбекке қабілеттілігін ішінара жоғалтуы, ол ұшақ жерге соғылған сәтке дейін жұмыс позасында болмаған;

- экипажда CRM (клиенттермен өзара қарым-қатынасты басқару жүйесі) деңгейінің жеткіліксіздігі мен Fly-Navigate-Communicate қағидасының бұзылуы, бұл екінші пилоттың назары сыртқы радиобайланыс жүргізуден басқа нәрсеге аударылғанынан және приборлар бойынша ұшу параметрлерінің бақыланбағанынан байқалды;

- EGPWS ескертпесіне реакция мен талап етілетін әрекеттің болмауы;

- бұрыштық қозғалу құбылысын қабылдаудың соматикалық-гравитациялық иллюзияларының әсер етуі;

- ұшақ қонатын кезде метеожағдайлар жақсарады деген сенімдері ақталмаған кезде экипаж мүшелерінің психоэмоциялық күйінің шамадан тыс ширығуы;

- ұшу құрамының медициналық куәландыру талаптарын орындамауы, бұл әуе көлігі командирінің ұшуды сауықтыру кезеңінсіз және жасалған операциядан кейін дәрігерлік-ұшу сарапшылық комиссиясының денсаулық жөніндегі бағалауынсыз іске асыруына соқтырған. 

Еске салайық, Алматы түбіндегі әуе апаты 2013 жылдың 29 қаңтары күні Алматы әуежайына жақын маңдағы Қызылту елді мекені аумағында болды. Ұшақ апатынан экипаждың бес мүшесі мен 16 жолаушы қаза тапты.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети