28 маусым 2017 | 16:34

Мақсат Үсенов қайтадан 10 тәулікке қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсат Үсенов мәжбүрлі түрде сотқа жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол сотқа полицеймен және сот қызметкерімен бірге келді.


Иконка комментария блок соц сети

Мақсат Үсенов мәжбүрлі түрде сотқа жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол сотқа полицеймен және сот қызметкерімен бірге келді.

Мақсат Үсенов көзілдірігін тек судья келген соң шешті. Сондай-ақ, ол бортта шылым шеккенін мойындады. Судья Ержан мұны қылмысты жеңілдететін жағдай деп санап, оны 10 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Осылайша, Үсенов Алматы-Бангкок рейсінде болған оқиға үшін екінші рет қамауға алынып отыр. 

16 маусымда Мақсат Үсеновтің он тәулікке қамалғаны хабарланған болатын. Жауап алу кезінде Мақсат Үсенов өз әрекетін түсіндірді. Ішімдік ішкен-ішпегені жайлы сұраққа ол былай деп жауап қатты: "Бортта маған бір стақан виски құйылды. "Дьюти фриден" бір шөлмек виски сатып алдым. Бірақ мен оны ішкен жоқпын.

Сондай-ақ, оған жарты миллион теңгеге жуық айыппұл салынуы мүмкін екені айтылған еді.

Айта кетейік, жауап алу кезінде Мақсат Үсеновтің құрылыс компаниясында заңгер болып жұмыс істеп жатқаны анықталды. Соттың шешімі бойынша, Мақсат Үсенов 10 күнге қамауға алынды.

Еске салайық, Мақсат Үсенов Алматы-Бангкок рейсін орындаған әуе кемесінің бортында табак өнімін қолданған, бұған ұлттық және халықаралық талаптар бойынша тыйым салынған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети