Мақсат Үсеновті Бангкок полициясы ұстап әкетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Facebook желісінде Павел Коктышев есімді қолданушы жазды.
Мақсат Үсеновті Бангкок полициясы ұстап әкетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Facebook желісінде Павел Коктышев есімді қолданушы жазды.
Куәгер Үсеновтің ұшақ бортында шылым шеккенін және жұрттың мазасын алғанын жазды.
"Елдің заңы жұмыс істемесе, физика заңдары жұмыс істеуі мүмкін... Бүгін Бангкокке бүгінгі рейспен Мақсат Үсеновпен бірге ұштым. Біздің сотқа сұрағым бар, неге мен сияқты заңға бағынатын азаматты қауіпте қалдырады? Үсенов ұшу барысында тыныш отыра алмады, көршілерін мазақ етті, бастапқыда стюардессалардан шылым шегуге рұқсат беруін жалынып, кейін тіпті 200 бакс ұсынды, сосын ақыры темекі шеккен сияқты, себебі стюардессалар акт толтырып берді. Бірдеңе бүлдірмесін деп экипаждың жартысы оны бақылаумен болды. Өте ыңғайсыз болды. Ұйықтап алғаннан кейін де қууын тоқтатпады, белбеу тағудан бас тартып, арқалығын көтергісі келмеді. Соңында қонған кезімізде жергілікті полиция жасағы оны алып кетті. Экипаж, жарайсыздар!", - деп жазды Facebook желісінде Павел Коктышев.
Видео © Facebook.com/Павел Коктышев.
Айта кетейік, күні кеше бас прокурор Жақып Асанов Мақсат Үсенов пен Василий Нидің істерін салыстырған еді.
Еске салайық, Мақсат Үсенов адам қағып өлтіргені үшін сотты болған еді. Алайда әлеуметтік желілерде соттың Үсеновке жеңіл жаза тағайындағаны қызу талқыланған болатын.