15 маусым 2017 18:37

Мақсат Үсеновтың Қазақстанға қайтып оралуы: "Эйр Астана" мән-жайды айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz коллажы Тengrinews.kz коллажы

Мақсат Үсенов шетелден қайтып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кейбір мәліметтер бойынша, ол Алматыда жүр. 


Мақсат Үсенов шетелден қайтып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кейбір мәліметтер бойынша, ол Алматыда жүр. 

"Ұшақта өзін жақсы ұстады және экипаждың барлық айтқандарын істеп отырды, оған алдын ала ескерту жасалды", - деді "Эйр Астаны" баспасөз қызметіндегілер. 

Ол"Эйр Астана" әуекомпаниясы арқылы "Бангкок-Астана-Алматы" рейсімен келген. Әуежайда оны журналистер күтіп алды, алайда қайтып оралған Мақсат Үсеновты олар көре алмады. Оны ВИП аймақтан да көру мүмкін болмады. Бірақ траптың жанында полицей көлігі болды.

Осыған дейін әуе компанияның өкілдері Мақсат Үсеновтың "сұр түсті тізімге" енгені туралы айтқан болатын. 


© Tengrinews.kz 

Еске сала кетейік, 4 маусымда Мақсат Үсеновті Бангкок полициясы ұстап әкеткен болатын. Бұл туралы Facebook желісінде Павел Коктышев есімді қолданушы жазды. Куәгер Үсеновтің ұшақ бортында шылым шеккенін және жұрттың мазасын алғанын жазған болатын.

Ал кейінірек Мақсат Үсеновтің ұшақ бортында қандай заң бұзғаны анықталды. Сонымен қатар, ҚР Әділет министрлігіндегілер Мақсат Үсеновтің қарызы бола тұра елден кетуге тыйым салынған азаматтардың тізімінде неліктен жоқ болғанын түсіндіріп берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети