25 наурыз 2014 10:31

Малайзиялық ұшақтың апаты қасақана жасалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Тергеушілер Malaysia Airlines-тің ұшағын әлдекімдер қасақана апатқа ұшыратқан деген болжамды қарастырып жатыр деп хабарлайды "РИА Новости" тергеуге қатысып жатқандар арасындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап. Соңғы мәліметтер бойынша ұшақ Үнді мұхитына құлаған. Алдын ала мәлімет бойынша ұшақтың құлауына өрт те, жүйелердің істен шығуы да себеп бола алмайды. Қолда бар мәліметтерге жүргізілген талдаудың нәтижесі лайнердің "саналы түрде" қозғалғанын көрсетіп отыр. "Бұл - бортта болған адамның әдейі істеген әрекеті, ол болып жатқан жағдайды жақсы білген", - дейді тергеушілер. Дегенмен тергеушілер мұндай қадамға не себеп болғанын әзірше айта алмайды. Еске сала кетейік, бұған дейін Малайзия премьер-министрі Наджиб Разақ жоғалған жолаушылар ұшағының Үнді мұхитының оңтүстік бөлігіне құлағанын мәлімдеген болатын. 8 наурыз күні Куала-Лумпурден Бейжіңге бағыт алған лайнер әуеге көтерілгеннен бір сағаттан соң радарлардан көрінбей кеткен еді. Оған дейін оның техникалық ақаулары не басқа да келеңсіздіктері туралы мәлімет болмаған. Ұшақ Малайзия жағалауынан 220 шақырымда болғанда онымен соңғы байланыс жасалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети