©Lada.kz
Маңғышлақ - Атырау бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде бір вагон адамның көлікке билетсіз мінгені анықталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Атырау облысында көлік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің Маңғышлақ - Атырау бағытындағы №313 жолаушылар пойызын тексеруінің нәтижесінде вагондардың бірінен билеті жоқ 77 жолаушы анықталды", - делінген хабарламада. Жолаушыларды, багаж бен жүк багажын тасымалдау ережесін бұзғаны үшін пойыз бригадасы жұмысшыларына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Көлік және коммуникация министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, №313 жолаушылар пойызының құрамында 17 вагон болған: 7 купе, 9 плацкарт және бір жалпы вагон.
Маңғышлақ - Атырау бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде бір вагон адамның көлікке билетсіз мінгені анықталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Атырау облысында көлік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің Маңғышлақ - Атырау бағытындағы №313 жолаушылар пойызын тексеруінің нәтижесінде вагондардың бірінен билеті жоқ 77 жолаушы анықталды", - делінген хабарламада.
Жолаушыларды, багаж бен жүк багажын тасымалдау ережесін бұзғаны үшін пойыз бригадасы жұмысшыларына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Көлік және коммуникация министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, №313 жолаушылар пойызының құрамында 17 вагон болған: 7 купе, 9 плацкарт және бір жалпы вагон.