05 қыркүйек 2021 08:54

Маңғыстау-Ақтөбе пойызындағы өрт: вагон бастығы жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнеу аудандық сотында өрт шығып, адам қаза тапқан жүк вагонының бастығына қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілетеме жасап.


Бейнеу аудандық сотында өрт шығып, адам қаза тапқан жүк вагонының бастығына қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілетеме жасап.

Іс құжаттарына сәйкес, теміржол вокзалының қызметкері әріптестерімен бірге былтыр 13 желтоқсанда Маңғыстау - Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызына қосылған пошталық вагонмен Маңғыстау станциясынан іссапарға шыққан.

Теміржолшылар бес литрлік газ баллоны мен мини-газ пешін пайдаланып, ауысым кезінде тамақ жасаған. Тамақ жасау кезінде газ баллон жарылып, вагоннан өрт шыққан. Вагон ішіндегі барлық адам жарақат алып, Бейнеу аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Кондуктор жансақтау бөлімінде қаза болды.

Басты сот талқылауында сотталушы тағылған айыпты толық мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Ол судьядан бас бостандығынан айырудан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот үкімімен жүк вагонының бастығы Қылмыстық кодекстің 292-бабы 2 -бөлігі "Адам өліміне немесе басқа ауыр зардаптарға әкеп соғатын өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" және 156-бабының 2-бөлігі "Еңбекті қорғау ережелерін, қауіпсіздік ережелерін бұзуды, жауапкершілікті ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жауапкершілігі сеніп тапсырылған адам жасаған, абайсызда денсаулыққа орташа зиян келтіруге әкеп соқтырған бұзушылық" бойынша кінәлі деп танылды.

Оған 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, ол екі жыл мерзімге пошта және жол қызметімен айналысу құқығынан айырылған.

Сотталушы үкімге шағымдануға құқылы.

Еске салайық, 2020 жылдың желтоқсанында Маңғыстау - Ақтөбе пойыз вагонында болған өрт кезінде бес адам зардап шеккені хабарланған болатын. Кейін зардап шеккендердің бірі қаза болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети