Маңғыстау облысында 3 күн теңізде болған жұмысшылар құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында 3 күн теңізде болған жұмысшылар құтқарылды Фото: Instagram.com/mangystay_tjd

Маңғыстау облысында 3 күн теңізде болған 7 жұмысшы құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында 3 күн теңізде болған 7 жұмысшы құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, жеке компанияның қызметкерлері 3 күн бойы мұздың қатуы салдарынан жағалауға жете алмаған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 26 қарашада "Металлист Р" ЖШС-ның 7 қызметкері жағалаудан 11 шақырым жердегі "Нехти" теңіз кемесін утилизациялау бойынша жұмысты жүргізу үшін "Арман БК" ЖШС кен орнына қарай "Байда" моторлы қайығымен теңізге шыққан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ АКТАУ (@ladakz)

"Теңіз жағалауында мұздың қатуы салдарынан "Металлист Р" ЖШС қызметкерлері 3 тәулік бойы жағалауға шыға алмаған.

Маңғыстау облысы ТЖД ақпаратынан кейін зардап шеккен Қазақстан азаматтарын құтқару жұмысы ұйымдастырылды. Бұл жұмысқа Ақтау әуе базасынан Ми-8 тікұшағы тартылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, оқиға орнына 6 құтқарушы, арнайы техника жіберілді. 

"Осылайша 29 қарашада шамамен кешкі сағат 19.00-де 7 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендердің барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жылы киім мен тамақ берілді", - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети