24 қараша 2018 | 11:49

Маңғыстау облысында автокөлік түйемен соқтығысты: Бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Лада © Лада

Ақтау - Жетібай тасжолында автокөлік пен түйе соқтығысып, бір адам қаза тапты. Оқиға салдарынан тағы екі адам Жетібай аудандық ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлады Лада.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтау - Жетібай тасжолында автокөлік пен түйе соқтығысып, бір адам қаза тапты. Оқиға салдарынан тағы екі адам Жетібай аудандық ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлады Лада.

Оқиға 22 қарашаға қараған түні Ақтау - Жетібай тасжолында болған. Toyota Hiace автокөлігі түйемен соқтығысты.

Жол апатының салдарынан 1999 жылы туған жігіт қайтыс болды, зардап шеккен тағы екі адам Жетібай аудандық ауруханасына жеткізілді.

"Қабылдау бөліміне ер адам мен әйел жеткізілді. Ер адам медициналық көмектен кейін ауруханаға жатудан бас тартты, әйел Маңғыстау облыстық ауруханасына ауыстырылды", - деп хабарлады дереккөз.

Бұған дейін ақтаулық жүргізушінің омыртқасына жол апаты салдарынан зақым келгені хабарланған, ол кезде де көлік түйемен соқтығысқан. "ОСА" ҚҰ басшылары жануарлармен болған жол апатына түскен жүргізушілерге кеңес берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети