Маңғыстау облысында бес жастағы қыздың үстіне теледидар құлап кетті, - деп хабарлайды "Лада" құқық қорғау қызметкерлеріне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысында бес жастағы қыздың үстіне теледидар құлап кетті, - деп хабарлайды "Лада" құқық қорғау қызметкерлеріне сілтеме жасап.
Төтенше оқиға Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылында болды. Қыз бала ойнап жүріп, үстіне теледидарды құлатып алады. Бассүйек-ми жарақатын алып, миы шайқалған сәби облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.
Еске сала кетейік, өткен желтоқсан айының соңында Алматыда алты жасар бала теледидардың астында қалып, қайтыс болған еді. Оқиға Брусиловский және Шәкәрім көшелерінің қиылысындағы "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде болды. Дәрігерлердің айтуынша, бала кежеге сүйегінің сынғанынан тіл тартпастан кеткен.
Теледидармен байланысты тағы бір қайғылы оқиға 2014 жылдың 23 желтоқсаны күні Қарағандыда болды. Қабырғаға бекітілген теледидар бір жасар баланың басына түсіп кетті. Бүлдіршін сол жерде қайтыс болды.
Өткен жылдың тамыз айында Ақтауда жоғарғы қабаттан тасталған теледидар үш жасар сәбидің басына тиген еді. Алғашқыда комаға түскен сәби кейін көру қабілетінен айырылып қала жаздады.