Маңғыстау облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды. Апат салдарынан бес адам қаза тапты, оның ішінде жүкті әйел де бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды. Апат салдарынан бес адам қаза тапты, оның ішінде жүкті әйел де бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Биыл 16 қыркүйекте сағат 1.48-де Lexus LX 470 автокөлігі аударылды. Көлік тізгініндегі 27 жастағы қыз, оқиға орнында қаза болды. Қаза болғандардың екіншісі 1966 жылы туған әйел, үшіншісі Жаңаөзен қаласының 31 жастағы тұрғыны, әйел жүктіліктің 27-ші аптасында болған. Қалғандары 1964 және 1967 жылдары туған екі ер адам. Жол-көлік оқиғасы салдарынан барлығы тоғыз адам зардап шеккен. Бес ересек адам оқиға орнында қаза болды. Қалған төрт бала түрлі дәрежедегі жарақаттар алған", - делінген хабарламада.
Мәлімет бойынша, 2011, 2012 және 2019 жылдары туылған үш бала жедел жәрдемді күтпестен Жетібай аудандық ауруханасына жеткізілген.
Зардап шеккендерге мидың жабық жарақаты, контузия, маңдай мен шынтақ буынының жарақаттануы, шок диагнозы қойылған. Дәрігерлер екі баланың жағдайын тұрақты ауыр, үшіншісі орташа ауыр екенін айтты. Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, бүгін санитарлық көліктің көмегімен үш баланы облыстық балалар ауруханасына ауыстырады.
"2013 жылы туылған баланы түнде жедел жәрдемді күтпей көлікпен Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызды. Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы өте ауыр. Мидың геморрагиялық контузиясын, ІІ дәрежелі ми комасы, ІІ дәрежелі травматикалық шок алған. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!