05 ақпан 2020 16:08

Маңғыстау облысында жеті әйелді бір түнде сарышаян шаққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында бір күнде жеті адамды сарышаян шаққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Маңғыстау облысында бір күнде жеті адамды сарышаян шаққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, зардап шеккендер - әйелдер. Бірінші болып Бейнеу ауданының тұрғыны хабарласқан. Ол өзі жүктіліктің 22-айында екен. Жүктілікке қауіп болуы мүмкін деген болжаммен ол орталық аудандық ауруханасына жеткізілген. 

Бейнеу ауданының тағы бір тұрғыны, 1973 жылғы әйел медициналық көмекке жүгінген. Үшінші жағдай (1985 жылғы әйел) Боранқұл ауылында болған. 

Төртінші жағдай: Қарақияқ ауданы Құрық ауылында 1963 жылғы әйелді сарышаян шаққан. 

Соңғы үш жағдай Жаңаөзенде тіркелген, онда да әйелдер зардап шеккен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети