Маңғыстау облысында Шетпе - Бейнеу тас жолында бір күнде екі ірі жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан төрт адам қайтыс болды. Бұл туралы "Лада" порталы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Жәзира Әбілге сілтеме жасап хабарлайды.

Жол апаты 1 желтоқсанда болды. Таңғы 08:30 шамасында Toyota Camry мен Volvo жүк көлігі соқтығысты. "Жеңіл көлік жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, Шетпе - Бейнеу тасжолының 210-шақырымында жүк көлігімен соқтығысты. Toyota Camry тізгінінде болған 1992 жылғы жігіт пен 1951 және 1964 жылғы екі жолаугы қайтыс болды. Фураның жүргізушісі тірі", - деді басылымның сұхбаттасушысы.
Кейін осы аймақта Renault көлігі жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, Lada Largus автомобилімен соғысты. "Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada көлігінде отырған жолаушы қаза болды. Қалғандары сау", - деді Жәзира Әбіл.
Екі оқиға бойынша да сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.