Маңғыстау облысында көлік аударылып, салдарынан төрт адам зардап шекті. Олар Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды "Лада".

Жол-көлік оқиғасы қыркүйектің 2-не қараған түні болған.
Opel Vectra маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі өз көлігін аударып алған. Нәтижесінде төрт адам зардап шекті.
"Екі адам 1 қыркүйекте сағат 22:00-де жеткізілді. Зардап шеккендер арасында 2001 жылғы колледж студенті бар. Оған жабық бас сүйек ми жарақаты диагнозы қойылды, миы шайқалған, сол жақ иығы зақымданған. 1994 жылғы азамат бас сүйек ми жарақатын алған, кеудесіне және омыртқасына зақым келген. Жол-көлік оқиғасында тағы екі ер адам зардап шекті, олар 2 қыркүйекте сағат 00:30-да қабылдау бөлмесіне жеткізілді, - деді денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері.