16 қыркүйек 2021 14:56

Маңғыстау облысында киіктер жолдағы шұңқырға құлап кеткен

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Маңғыстауда киіктер жолдағы шұңқырдан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі InAktay порталына сілтеме жасап.


Маңғыстауда киіктер жолдағы шұңқырдан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі InAktay порталына сілтеме жасап.

Шұңқырға құлап кеткен жануарлардың бейнежазбасы 15 қыркүйекте әлеуметтік желілерде жарияланды. Бір үйір киік қазылған орға түсіп кеткен. 15-тен аса киік ордан шыға алмаған, ішінде біреуі жаралы болған.

Киіктерді шұңқырдан шығаруға өңір тұрғындары көмектесті. Олар жол техникасының көмегімен жерді тегістеп, жануарларды сыртқа шығарды. Киіктер бірден далаға кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АКТАУИНФО (@aktauinfo)

Киіктер жойылып кету қаупі бар жануар ретінде Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілгенін айта кеткен жөн. Қазақстанда киіктер мемлекет қорғауына алынған. Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының мәліметі бойынша, 2019 жылғы авиациялық зерттеу Қазақстандағы киіктердің жалпы саны 334 400-ге жеткенін көрсетті, оның ішінде Бетпақдалада - 111 500, Оралда - 217 000 және Үстіртте - 5900 екені анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети