Маңғыстау облысында көлік өртеніп, үш адам зардап шекті 22 ақпан 2017, 23:41

22 ақпанда Маңғыстау облысы Шетпе ауылында газ станциясының маңында "ВАЗ" көлігі өртеніп, үш адам зардап шекті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары бөлімінің басшысы Хаям Әмірбеков мәлімдеді.
2007 және 2014 жылы туған балалар жәнеолардың анасы (1981 жылғы) ауруханаға жеткізілген. Олардың беті, қолы күйіп қалған. Автобиль жүргізушісі аман сау.
17:36-да ТЖД кезекші бөліміне өрт туралы хабарлама түскен, оқиға орнына жеке құрамының бес адамы және бір арнайы техника жөнелтілген. 17:40-та құтқарушылар өрт болған жерге келген, өрт тоғыз минуттан соң толығымен сөндірілген", - деді Әмірбеков.
Автокөлік толығымен өртеніп кеткен. Сол маңайда орналасқан газ станциясы залал келтірілмеген.