25 мамыр 2016 11:43

Маңғыстау облысында құтқарушылар жоғалып кеткен екі қыз баланы тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ІІМ ТЖК © ҚР ІІМ ТЖК

Маңғыстау облысында құтқарушылар жоғалып кеткен екі қыз баланы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІД Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.


Маңғыстау облысында құтқарушылар жоғалып кеткен екі қыз баланы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІД Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

"2016 жылдың 24 мамырында Астана уақыты бойынша Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранкөл ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығынан 2011 жылы дүниеге келген екі қыз бала кетіп, қайта оралмаған. Жедел қызметтерден хабарлама түскен кезде іздестіру жұмыстары басталып, шамамен жиырма дана техника мен 100-ге жуық жедел төтенше жағдай қызметкерлері, аудандық ішкі істер органының өкілдері, әкімдіктегілер, 2087 бөлімінің әскери қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылған. Жоғалған балаларды іздестіру жұмыстары үзіліссіз тәулік бойы жүргізілді", - деді Иманқұлов.

Оның айтуынша, жедел іздестіру жұмыстары барысында балалар табылды. "Бүгін, 25 мамырда сағат 06.15-те іздестіру жұмыстарын тездету үшін ҚР ІІМ ТЖК МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған еді. Жаяу іздестіру тобы сағат 07-29-да жоғалған балаларды ғайып болған жерінен оңтүстікке қарай 0,9 шақырым жерден тапты. Балалардың жағдайы қалыпты, оларды енді дәрігерлер қарайды", - делінген хабарламада.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети