25 мамыр 2015 | 15:48

Маңғыстау облысында туысының көлігін айдап әкеткен жасөспірім 5 жасар қызды қақты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Progorod59.ru © Progorod59.ru

Маңғыстау облысында 14 жастағы жасөспірім туысының автомобилін айдап әкетіп, 5 жасар қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Lada.kz. Жол-көлік оқиғасы Бейнеу ауылындағы көшелердің бірінде болды.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында 14 жастағы жасөспірім туысының автомобилін айдап әкетіп, 5 жасар қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Lada.kz. Жол-көлік оқиғасы Бейнеу ауылындағы көшелердің бірінде болды.

Осыған дейін жауапқа тартылмаған жеткіншек туысының Kia Rio автомобилін рұқсатсыз айдап әкеткен. Ауыл ішін көлікпен аралағысы келген ол жол жиегінде кетіп бара жатқан 5 жасар қызды қағып кетті. Бүлдіршін аяқ сүйегінің жабық сынығы, тізесінің шығуы және тағы басқа жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Осыған дейін Шығыс Қазақстанда 17 жастағы жасөспірім автотұрақта тұрған Porsche Cayenne көлігін айдап әкеткені және бастығының ақшасын ұрлағаны үшін екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған болатын. Жасөспірім автотұрақта жұмыс істеген. Жұмыс істеген уақытында ол өз бастығын екі рет тонап кеткен. Бірінші жағдайда ол бастығы кабинетінен шығып кеткенде оның 23 мың теңгесін алып кетеді. Бес күннен кейін жасөспірім тағы бір қылмыс жасайды. Бастығының кабинетіне терезеден кіріп, бөлмесін тінтеді. Тапқан ақшасын алып кетеді. Онымен қоймай, клиенттердің біріне тиесілі Porsche Cayenne көлігінің кілтін алып, айдап әкетеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети