Ақтау маңындағы автожолда су таситын автоцистерна сегіз жастағы қызды қағып кетті. Бала дәрігерлер келгенше қаза тапқан. Бұл туралы "Лада" порталына жедел жәрдем станциясының интенсив терапия бригадасының дәрігері Гауһар Құдайбергенова хабарлады.

Оқиға 15 наурызда кешкі уақытта "Рекон-Актау" ЖШС қоймаларының маңында болған.
"Шақырту пультке 17.22-де түсті. Біздің бригада шұғыл түрде оқиға орнына жөнелтілді, алайда кеш болды. 2008 жылғы қызды су таситын көлік қағып кетті, ол алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше қаза тапқан. Баланың денесі жүк көлігінің астында жатқан. Кейін полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Қаза тапқан қыздың Өмірзақ ауылының №27 мектебінің екінші сынып оқушысы екені белгілі", - деді ол.
Куәгерлердің айтуынша, қыз мектеп автобусынан шыққан бетте автоцистернаның астында қалған.
"Біз маңынан өтіп бара жаттық. Есеңгіреп қалдық. Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды. Қыздың ата-анасы қайғырып жылап жатқанын естідік. Қыз жүк көлігін көрмей қалған болуы керек. Ата-анасы қыздың денесін алғысы келген, бірақ полцейлер рұқсат бермеді", - деді оқиғаның куәгері.