"Қарабах" (Әзербайжан Республикасы) паромының 40 жастағы бортмеханигі Қарақиян ауданындағы Жыланды тау аймағында жағалаудан бес шақырым жерде белгісіз жағдайда теңізге секіріп кетті. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Әзербайжан БАҚ өкілдері оқиғаның өзіне қол жұмсау нұсқасын жариялады.
Әзербайжанның Haqqin.az ақпарат агенттігі мәліметінше, экипаж мүшелері бортмеханик Захир Мастиев сапар кезінде отбасылық жағдайына шағымданып, оны шешу үшін уақытша ауыстыруды сұрағанын айтқан. Оған портқа оралғаннан кейін кемеден кетуге рұқсат берілген.
"Әзербайжан Каспий теңіз кеме шаруашылығы" (Azerbaijan Caspian Shipping Closed Joint-Stock Company) баспасөз қызметінің басшысы Мехман Мехтиевтің айтуынша, паром 28 желтоқсанда Алят портынан шығып, 29 желтоқсанда қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты Құрық маңындағы рейдте аялдаған.
"30 желтоқсанда сағат 8.45 шамасында 1981 жылы туған үшінші механик Захир Аскерали оглы Мастиев кемеден теңізге секіріп кетті. Кеме экипажы дереу құтқару шеңберлерін суға лақтырып, қайықты суға түсірді. Алайда, ол көмектен бас тартқан", - деп жазады басылым.
Оқиғаға байланысты Қазақстан мен Әзербайжан құрылымдары хабардар етілген. Захир Мастиевті іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылар бортмеханикті іздестіріп жатқаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!