Маңғыстауда баланы көлік қағып кетті. Желіде видео тарады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауылы жаяу жүргіншілер жолында баланы көлік қағып кетті. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауылы жаяу жүргіншілер жолында баланы көлік қағып кетті. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Желіде жаяу жүргіншілер жолында баланы көлік қағып кеткен сәттің видеосы жарияланды. Аймақ полициясы мәліметінше, жол апаты 14 наурызда сағат 13.30-да Маңғыстау ауылында "Келдіаман" сауда орталығына қарсы болған.

Opel Vectra көлігінің жүргізушісі алты жасар қызды қағып кеткен.

Реклама
Реклама

"Зардап шеккен бала аудандық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйге жіберілді. Жүргізушіге 610-баптың 2-бөлігі "Көлік құралдары жүргізушілерінің жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан ЖҚЕ бұзуы" және ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігі "Жүргізушінің өзі қатысқан ЖКО орнын жол жүрісі қағидаларын бұза отырып тастап кетуі" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", - деді өңір полициясы қызметкері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама