Маңғыстауда далада төгілген мұнайға түйе түсіп өліп қалған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Қазнетте түйенің мұнай шалшыққа батып, өліп қалғаны туралы видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Қазнетте түйенің мұнай шалшыққа батып, өліп қалғаны туралы видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр "Шалба" учаскесіндегі ұңғымадан мұнай төгілу мәселесі осыдан үш жыл бұрын туындағанын айтты.

"Бұл 2020 жылдан бері келе жатқан мәселе. Учаскенің жаңа операторы осыдан бірнеше күн бұрын анықталды. Жаңа оператор жерге тазалау жұмыстарын жүзеге асыруы қажет болады. Мәселе бақылауда", - деп жазды Зульфия Сүлейменова Instagram-парақшасында.

Толығырақ ақпаратты Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті берді.

Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов өз кезегінде "Шалба" учаскесінде мұнай төгілуіне байланысты департамент құзырлы органдарға бірнеше рет жүгінгенін айтты.

Ол Энергетика министрлігі өткізген пайдалы қазбалар кен орындарын игеру конкурсында "АРК Петролеум" ЖШС жеңімпаз атанғанын атап өтті. Руслан Төкеновтың айтуынша, компания "Шалба" учаскесінде тазарту және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, ол үй жануарларының өлекселерін жою тиісті жергілікті атқарушы органдармен және ветеринариялық инспекциямен бірлесіп жүргізілетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro