Маңғыстауда кәмелет жасқа толмаған қызды некелесу үшін алып қашқан жігіт ұсталды. Оқиға сәуір айында болғанымен, бұл туралы енді ғана анықталып отыр, - деп хабарлайды Tumba.kz.
Маңғыстауда кәмелет жасқа толмаған қызды некелесу үшін алып қашқан жігіт ұсталды. Оқиға сәуір айында болғанымен, бұл туралы енді ғана анықталып отыр, - деп хабарлайды Tumba.kz.
Басылымның мәліметінше, Шетпе аулының 21 жастағы тұрғыны 2017 жылдың желтоқсанында ғана 16 жасқа толған қызды алып қашқан. Мұның алдында ол қызбен жыныстық қарым-қатынаста болған.
Әзірге күдіктіге қатысты қандай шара қолданылғаны белгісіз. Дегенмен заңгерлердің сөзінше, кәмелетке толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу қылмысқа жатады. Ал 16 жастағы асқандармен неке қию тек өзгеше жағдайда ғана - жүкті болып қалғанда ғана рұқсат етілдеі.
Сот өкілдерінің айтуынша, бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша қаралуы ықтимал. Мұндай жағдайда тағайындалатын жаза - 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу, не алты айға дейін қамау, не 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру тағайындалады.
Басылым Маңғыстауда кәмелетке толмағандарды еркінен тыс некелесу үшін алып қашу оқиғалары бұрын да болғанын жазып отыр.
Осыған байланысты заңгерлер мынадай кеңес берді, егер Сіз зорлықпен некелесу құрбаны болсаңыз немесе көз алдыңызда осындай алып қашу болса, бірден 102 нөміріне немесе тікелей полиция бөлімшесіне, тірек пунктіне, жол-патрульдік жасағына қалалаық немесе ұялы телефон арқылы хабарласу қажет. Ақпарат көп болған сайын, қылмыстың ізін суытпай ашу ықтималы соғұрлым жоғары.