Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды: зардап шеккен үш бала Ақтауға жеткізілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды: зардап шеккен үш бала Ақтауға жеткізілді

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға салдарынан зардап шеккен үш бала Ақтауға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тілшіге берілген мәліметке сүйенсек, дәрігерлер Қарақия ауданындағы тасжолда жантүршігерлік апаттан зардап шеккен балалардың өмірі үшін күресіп жатыр. Барлығы Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылған.

"Бір жарым жасар бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер жабық краниоцеребральды жарақат, желке сүйегінің сынуы, субарахноидальді қан кету, есінен тану диагнозын қойды. Жағдайы ауыр. 8 жастағы қыздың да жағдайы ауыр, есін жинаған жоқ. Жасанды тыныс алу аппаратынан шығарылды. Өзі тыныс алып жатыр. Сондай-ақ, оған бассүйек-церебральды жабық жарақаты, мидың геморрагиялық контузиясы, фронталь аймақта көгерген жара, перинэяның жарылуы, оң жақ мықын сүйегінің сынуы диагнозы қойылды", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Қалған 9 және 10 жастағы қыздар жарақат бөліміне жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланған. Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети