Маңғыстау облысындағы Ақтау-Жетібай тасжолында болған жол апатынан үш адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті. Бұл туралы облыстық ауруханадағы санитарлық авиация бөлімінің фельдшер-диспетчері Елизавета Жалғасова хабарлады, - деп жазады "Лада" басылымы.

Жол апатынан зардап шеккен 1985 жылғы ер адамдар жол-жөнекей өтіп бара жатқан көлікпен Жетібай аудандық ауруханаға жеткізілді. "Зардап шеккендердің бірінің миы шайқалып, жабық сынық алған. Сондай-ақ, кеудесіне зақым тиген. Ол қазіргі уақытта Жетібайдағы ауруханада ем алып жатыр. Ал екінші ер адамның жағдайы ауыр, ес-түссіз жатыр. Қабырғалары сынған, жабық бассүйек ми жарақатын алған. Ауыр деңгейдегі зақымданудан есеңгіреп қалған", - деді фельдшер-диспетчер.
Оның айтуынша, реаниматологтар, травмотологтар және фельдшерлерден құралған бригада Ақтауда болған жол апатынан зардап шеккендерге барады.