16 ақпан 2017 | 22:08

Маңғыстауда жоғалып кеткен 17 жастағы жігіт өлі табылды

Маңғыстау облысында 2016 жылдың тамыз айында жоғалып кеткен 17 жастағы Амандық Сатыбалдиев өлі табылды. Бұл туралы "Лада" басылымына 16 ақпанда жігіттің туыстары хабарлаған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында 2016 жылдың тамыз айында жоғалып кеткен 17 жастағы Амандық Сатыбалдиев өлі табылды. Бұл туралы "Лада" басылымына 16 ақпанда жігіттің туыстары хабарлаған.

"Біздің туыстар мәйітті тануға барып келді, ұлымызды саусағындағы сақинадан таныды. Бізге оны қамыс арасындағы батпақтан тауып алғандарын айтты", - деді Амандықтың әкесі.

Реклама
Реклама

Полицейлер әзірше осыған қатысты ресми мәлімет берген жоқ.

Амандық Сатыбалдиев 26 тамызда Маңғыстау-5 ауылындағы өз үйінен кешкі уақытта кетіп қалған болатын. Ол сол кезде қара жейде, көк түсті шалбар және көк аяқкиімде болған еді.

Осыған дейін баланың әкесі Tengrinews.kz тілшісіне баласының үш жыл бойы бір қызбен кездесіп жүргенін және қызынан өз сезімін жасырмағанын айтқан болатын. Амандықтың әке-шешесі екеуіне қолдау көрсеткен, алайда қыз жақ келісім бермеген көрінеді. 

"Оның анасы екеуінің қарым-қатынасына қарсы болатын. Амандықтың кетуінен бір күн бұрын WhatsApp арқылы жазысқан, ол өзінің қызының телефонын алып, Амандыққа екеуінің айырылысуын жазған. Алайда менің ұлым қызды жақсы көретінін айтып, одан айырылмайтынын айтқан, - деген еді Амандықтың әкесі Мұрат Ишимбеков.

Осы хат алмасудан кейін бір күн өткенде Амандық үйден кетіп қалады. Кетер күні ол WhatsApp мессенджерінің профилінде жазба қалдырып кеткен: "Бір күні сен де мені сағынасың, Дұрыс түсін осы сөздің мағынасын...".

"Әрине біз баламыздың жоғалып кеткені жөнінде полицияға хабар бердік. Амандықтың телефоны сөндірулі", - деген еді баланың әкесі. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная