01 қыркүйек 2016 18:13

Маңғыстау облысының 17 жастағы тұрғыны сүйіктісімен хат алмасқаннан кейін жоғалып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж. © Tengrinews.kz Коллаж. © Tengrinews.kz

Маңғыстау облысының 17 жастағы тұрғыны өз үйінен кетіп қалып, жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Маңғыстау облысының 17 жастағы тұрғыны өз үйінен кетіп қалып, жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Амандық Сатыбалдиев 26 тамызда Маңғыстау-5 ауылындағы өз үйінен кешкі уақытта кетіп қалған. Жас жігіт қара футболка, көк түсті шалбар және көк аяқкиім киген.

Баланың әкесі Tengrinews.kz тілшісіне баласының үш жыл бойы бір қызбен кездесіп жүргенін және қызынан өз сезімін жасырмағанын айтты. Амандықтың әке-шешесі екеуіне қолдау көрсеткен, алайда қыз жақ келісім бермеген көрінеді. 

"Оның анасы екеуінің қарым-қатынасына қарсы болатын. Амандықтың кетуінен бір күн бұрын WhatsApp арқылы жазысқан, ол өзінің қызының телефонын алып, Амандыққа екеуінің айырылысуын жазған. Алайда менің ұлым қызды жақсы көретінін айтып, одан айырылмайтынын айтқан, - дейді Амандықтың әкесі Мұрат Ишимбеков.

Осы хат алмасудан кейін бір күн өткенде Амандық үйден кетіп қалады. Кетер күні ол WhatsApp мессенджерінің профилінде жазба қалдырып кеткен: "Бір күні сен де мені сағынасың, Дұрыс түсін осы сөздің мағынасын...".

"Әрине біз баламыздың жоғалып кеткені жөнінде полицияға хабар бердік. Амандықтың телефоны сөндірулі", - деді баланың әкесі.

"Амандық сыпайы әрі тік мінезді болған. Шылым шекпейтін, ішімдік ішпейтін, спортпен айналысатын, белтемірге тартылғанды ұнататын", - дейді әкесі. Қазір оны үйінде анасы мен әкесі 5 жастағы қарындасы мен тоғыз жастағы інісі күтіп отыр. Сонымен қатар, қызбен және оның ата-анасымен хабарласу мүмкін болмай отыр.

"Жоғалған Мұратты туыстары мен достары және барлық танысары іздестіріп жатыр. Егер оның қайда тұрып жатқанын білсеңіз бізге хабарласуды мұраймыз", - дейді баланың әкесі. Амандықтың қайда жүргенін білсеңіздер төмендегі телефондарға хабарласыңыздар - 8 778 382 2540 және 8 775 379 3344.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети