Маңғыстауда жол апатынан кейін көлік өртеніп, төрт адам қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда жол апатынан кейін көлік өртеніп, төрт адам қаза тапты Фото: lada.kz

Маңғыстау облысында автотасымалдаушы жеңіл көлікпен соқтығысып, төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында автотасымалдаушы жеңіл көлікпен соқтығысып, төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 25 ақпанда сағат 11:42 шамасында Сай-Өтес-Бейнеу тасжолының 383-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, соқтығысқан. Салдарынан көлік отқа оранды.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, төрт адам оқиға орнында қаза болған. Тағы бір жәбірленуші Бейнеу аудандық ауруханасына жатқызылды.

"Науқас ми жарақатын алған, сан сүйегі диафизінің жабық сынуы, сол қолдың екі сүйегінің ашық сынуы, өкпе жарақаты. Науқастың жағдайы тұрақты, ауыр. Есін біледі, сұрақтарға дұрыс жауап береді. Жарақаттарға байланысты барлық емдеу шаралары жалғасып жатыр. Жағдайы тұрақталғаннан кейін науқасты облыстық ауруханаға медициналық авиация арқылы жеткізу жоспарланған", - деді Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети