Маңғыстау облысында 11 мамырда "Өзенмұнайгаз" мұнайгазөндіру басқармасына барар жолда жол апаты болып, бір адам қаза тапты, тағы бір адам жарақат алды, - деп хабарлайды "Лада" Жаңаөзен қалалық жедел жәрдем станциясына сілтеме жасап.

Салонында екі ер адам болған Toyota Hilux көлігі темірден жасалған қоршауды соғып өтіп, құзға құлап кеткен. Тізесін зақымдап алған ер адам есеңгіреп қалған күйі ауруханаға жеткізіліп, кейін ем көрсетіліп, үйіне жіберілген. Ал екінші ер адам оқиға орнында дәрігерлей келмей жатып қаза тапқан. Жол-көлік оқиғасының себебін құқық қорғау органдары анықтап жатыр.