12 қазан 2017 | 10:42

Маңғыстауда мас адам 10 жастағы қызды күшпен сүйреп алып кетпек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының Мұңайтпас ауданында кәмелетке толмаған қызды белгісіз жаққа алып кетпек болған ер адам ұсталды. Күдік туғызған адамды Атамекен ауылында "Сұңқар секьюрити" фирмасының күзетшілері ұстаған. Агенттік директоры Жеңіс Қарымсақовтың сөзінше, ер адам қызды желкесінен ұстап алып, сүйреген. Қазір ер адам аудандық ішкі істер бөлімінде, - деп хабарлайды "Лада"

Оқиға Мұңайтпас ауданындағы Атамекен ауылында 10 қазанда сағат 12:00 шамасында болған. 

"Сұңқар секьюрити" агенттігінің жедел әрекет ету тобының қызметкерлері Арман Утенов, Кеңесбай Сұлтанов, Қайрат Жалғасбаев және Талғат Әбдіраманов дүкенге кіргенде көрген ер адамның күдік тудырғанын айтады. Ал оның ары қарайғы әрекеті күзет қызметкерлерін алаңдатқан. 

"Ер адам бірден көзімізге түсті, мас болатын. Сосын ол қызды сүйреді, кейін қыздың жасы 10-да екенін білдік. Ол қарсыласып, көмекке шақырды. Біз жақындап келіп: "Бұл сенің әкең бе?", - деп сұрадық. Ол жоқ деп жауап берді. Сосын ер адамнан қызды қайда апарасың деп сұрадық. Ол қызды үйіне апарып тастамақ екенін айтты. Осы кезде қызға әкесі қоңырау шалып, жақындап қалғанын айтты. Кейін қыздың әкесі де ер адамды танымайтыны анықталды. Біз ер адамды ұстап, Мұңайтпас аудандық ішкі істер бөліміне жеткіздік", - дейді күзет қызметкерлері. 

Жеңіс Қарымсақов ұсталған ер адам мұның алдында тонау мен ұрлық үшін тоғыз рет істі болғанын айтып берді.

"Оны ұстаған кезде қалтасынан "Трамадол" таблеткалары табылды және қанында есірткі бары анықталды", - дейді агенттік басшысы. 

Сонымен қатар, бұл "Сұңқар секьюрити" қызметкерлерінің қылмыстың алдын алған алғашқы оқиғасы емес екенін айта кетейік. Өткен аптада генттік қызметкерлері тонау әрекетінің алдын алғаны белгілі болды. 

Читайте также
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр

Валюта бағамы

 478.89   533.87   5.33 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети