Ақтау - Шетпе - Бейнеу тасжолында полиция көлігі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Lada.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау - Шетпе - Бейнеу тасжолында полиция көлігі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Lada.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 18 тамызда сағат 16.00-де болған. Mercedes-Benz, Hyundai Solaris пен қызметтік полиция көлігі жол апатына ұшыраған.
Ведомстводағылардың айтуынша, жол апатына Mercedes-Benz жүргізушісі кінәлі. Ол белгілі бір қашықты сақтамай, Hyundai Solaris жүргізушісімен соғысып қалған. Салдарынан Hyundai Solaris қарсы жолаққа шығып кетіп, полиция көлігімен соқтығысқан.
Көліктердің соқтығысқан сәті патрульдік көліктің видеотіркеу құрылғысына түсіп қалған. Жол апатынан қаза тапқандар жоқ.
"Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы") хаттама толтырылды", - деді полицейлер.
Дереккөз мәліметінше, жүргізушіге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін немесе ол алты айға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.
© lada.kz
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!