Маңғыстауда йогурт тиелген жүк көлігі аударылып қалған: жүргізуші өнімді тегін таратты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда йогурт тиелген жүк көлігі аударылып қалған: жүргізуші өнімді тегін таратты ЖИ көмегімен жасалған

Маңғыстау облысында йогурт тиелген жүк көлігі жол апатына ұшырап, жүргізуші өнімді жергілікті тұрғындарға тегін таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында йогурт тиелген жүк көлігі жол апатына ұшырап, жүргізуші өнімді жергілікті тұрғындарға тегін таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 7 желтоқсанда шамамен сағат 14:20-да Бейнеу – Боранқұл тасжолында болған. Куәгерлердің айтуынша, апатқа жолдағы көктайғақ себеп болған.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті жол-көлік оқиғасын растады. Ведомство мәліметінше, Scania маркалы жүк көлігінің жүргізушісі тайғақ жолда рөлге ие бола алмай, көлік аударылған. Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмек қажет болмаған.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бап материалдық шығын келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзуды қарастырады. Айыппұл көлемі – 20 АЕК, яғни 78 640 теңге.

Полиция өкілдері йогурттардың тегін таратылуы жүк иесімен келісілген болуы мүмкін екенін атап өтті. Өнім тез бұзылатын болғандықтан, қаптамалардың бір бөлігі зақымданып, сақтау мерзімі шектелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course down  609.28  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети