Маңғыстаудағы мектептердің бірінде шатыр опырылды: видео

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Маңғыстаудағы мектептердің бірінде шатыр құлады. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстаудағы мектептердің бірінде шатыр құлады. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылындағы мектеп-гимназияның шатыры құлаған.

Кадрларда мектеп бөлмелерінің бірінде төбенің бір бөлігі құлап түскені көрінеді. Жазбаға қарағанда, оқиға кезінде бөлмеде ешкім болмаған.

Оқиғаны өңірлік төтенше жағдайлар департаменті растады. Сондай-ақ, Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметі пікір берді.

"23 шілдеде сағат 06:30 шамасында Қарақия ауданы Құрық ауылында орналасқан "Жалпы білім беретін мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залында шатыр құлады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Құлаған төбе аумағы шамамен 250 шаршы метр болады", – делінген әкімдік хабарламасында.

Оқиға орнына арнайы сарапшылар шақырылып, тиісті тексерулер мен сараптамалар жүргізіліп жатыр. Мектеп 2009 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілген. Ол 1200 оқушыға арналған.

"Арнайы комиссия құрылды. Толық бағалау нәтижелері мен алдағы жөндеу жұмыстары туралы толық ақпарат кейінірек хабарланатын болады", – деп қосты баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети