Маңғыстаудағы тасжолда жол апатынан алты шетелдік қаза тапты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Маңғыстау облысында алты шетелдік жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында алты шетелдік жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық жол полициясы мәліметінше, жол апаты 07:30-да болған. Бейнеу-Тәжен тасжолында Jac көлігі шекарадан өту үшін кезек күтіп тұрған MAN жүк көлігімен соқтығысқан.

"Көлікте барлығы 10 адам болған. Оның төртеуі Бейнеу орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде. Қажетті емдеу толық көлемде алынады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам қаза тапты", - деп хабарлады полиция.

Көлік құралдары Өзбекстанда тіркелгені нақтыланды. Жәбірленушілер мен қаза тапқандар Ресейден оралып келе жатқан Өзбекстан азаматтары.

"Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға туралы Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулдығына хабарланды", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro