Маңғыстау облысының полициясы далада жатқан адам қаңқасының суретін таратпауды сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Маңғыстау тұрғындары мессенджерлерде адам қаңқасының суретін таратып жатыр.

Адам қаңқасы мен оның қасында жатқан қару бейнеленген суретті желі қолданушылары да бірнеше күннен бері таратып жатыр. Маңғыстау облыстық ІІД өкілдері суретті зерттегеннен кейін, пікір білдіретінін айтты.
"Әзірше бұл суретте не бейнеленгенін білмейміз. Қазіргі уақытта суретті зерттеп жатырмыз, ал Маңғыстау облысының тұрғындарынан бұл суретті таратпауды сұраймыз", - деп пікір білдірді ведомстводағылар.
Полициядағылардың айтуынша, адамның қандай жағдайда қаза тапқаны сараптамалардан кейін белгілі болады. Ал оған уақыт қажет.