Маңғыстау облысында 6 оқушы қыз иіссудан уланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында 6 оқушы қыз иіссудан уланды © svenec.com

Маңғыстау облысында иіссу қолданған 6 оқушы қыз ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында иіссу қолданған 6 оқушы қыз ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай Маңғыстау облысы Шетпе ауылының Меңдалыұлы атындағы орта мектепте болған. Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаеваның айтуынша, 17 қазанда сағат 17:30-да 6 оқушы қыз өздерін нашар сезінген. 

"Олардың көздері қызарып, қол аяқтары дірілдей бастаған. Олардың ата-аналары ескертіліп, дереу аудандық ауруханаға жеткізілді. Сол жерде алғашқы көмек көрсетілген, сағат 20.00-дер шамасында балалар өздерін жақсы сезініп, артынша үйлеріне жіберілді. Балалардың айтуынша, қыздар жақын жердегі дүкеннен шарлы иіссу сатып алып, ішке алып кіріп кезекпен себе бастағанда пайда болған", - деді Гүлмира Мамаева.

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасында бұл мәліметтерді растап отыр. 

"Қыздарды қарап болғаннан соң, оларды кешке дейін дәрігерлердің қарамағында болуы үшін қалдырған. Алайда сол күні ақ оқушылар үйлеріне қайтқан. Қазіргі уақытта оқушы қыздар өздерін жақсы сезінеді, - деді Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марал Қадыр.

Осы іс бойынша, аудандық прокуратура тексеру шараларын бастады. Сонымен қатар бұл жұмысқа құқық қорғау департаментінің қызметкерлері де жұмылдырылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети