Маңғыстау облысында 9 жастағы бала опат болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында 9 жастағы бала опат болды "Астана" телеарнасының видеосынан үзінді

Маңғыстау облысында электр сымдарына жақын жерде жүрген 9 жастағы бала қайтыс болды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Оқиға Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы Дәулет ауылында болды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында электр сымдарына жақын жерде жүрген 9 жастағы бала қайтыс болды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Оқиға Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы Дәулет ауылында болды. 

Ойын баласы жерде жатқан сымды қолмен ұстаған. Желіні арнайы техникамен қатты тартқан тұста, жасөспірімді екпінімен бірнеше метр жерге ұшырып жібереді. Ата-ана ұлының қазасына электр желілерін тартқан компанияны кінәлап отыр. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Эльдар достарымен бірге үйге жақын маңда ойнап жүрген. Дәл осы кезде электр желілерін орнату жұмыстары жүргізіліп жатқан екен. Жерде жатқан сымды Эльдар қолына ұстағанда, кенеттен сым екі жақтан тартылады, баланы қатты ұшырып жіберіп, қас қағымда мерт болады. Есеңгіреген ата-ана электр кабелін тасымалдайтын компания бұл аумақты неге қоршауға алмаған деп ашынады.

"10-ға толатын еді. Әже менің туған күнімді жасайсын ғой деді. Иә жасаймын деп жүр едім. Аяқ астынан мынадай болды. Алып келгенде баланың басы быландап отыр. Сөйтіп баламнан айрылып қалып отырмын. Не айтарымды білмей отырмын", - дейді баланың әжесі Несібелі Жиенбаева.

Электр желілерін салуға тапсырыс беруші "MРЭК" компаниясы болып шықты. Мердігері, "ABC Құрылыс", ал қосалқы мердігер "Alnur ПВ" Павлодар компаниясы екені анықталды. Аталған серіктестіктердің ешбірінен түсінік ала алмадық. Бір анығы электр сымдарын өткізген компания қызметкерлері баланың туыстарынан кешірім сұраған

"Мекеменің көліктерін және барлық жұмысшыларынан түсініктеме алынып, қазіргі таңда ол кісілер бос. Бірақ көліктері автотұрақққа жабылды", - дейдің Дәулет селолық округі әкімінің орынбасары Нұрберді Беков.

Полиция қызметкерлері тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бабымен қылмыстық іс қозғады.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 277-бабымен электр сымдарын өткізген павлодарлық "Алмур" компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды", - дейді Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі Әйгерім Ибатуллаева.

Бақилық болған Эльдар Құлбектің жақындары баланың өліміне кінәліні табу үшін істің соңына дейін баруға белді бекем буып отыр. Бұл іске компания кінәлі болған жағдайда, оларға 2000 айлық көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салынады. Сондай ақ, жұмысқа салғырт қараған басшы немесе маман 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети