Маңғыстау облысында ауыл жастары атысты: 6 адам ауруханада жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында ауыл жастары атысты: 6 адам ауруханада жатыр © pexels.com

Маңғыстау облысындағы ауылдардың біірнде атыс болып, алты адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Лада" өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысындағы ауылдардың біірнде атыс болып, алты адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Лада" өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Басылымның жазуы бойынша, оқиға Қарақия ауданыдағы Құрық ауылында шілденің 18-не қараған түні болған. Оқиға салдарынан үш адамға аудандық ауруханада көмек көрсетілді, ал ауыр жағдайға байланысты тағы үшеуін облыстық ауруханаға алып кетті. 20, 22 және 23 жастағы жігіттер ауруханаға көптеген оқ жарақатымен 00:30 шамасында жеткізілген. 

"Үш науқасқа жедел от жасалды. Денесіне, аяқ-қолына, кеудесіне және ішіне оқ тиген. Бірінің ішегі мен асқазанында жарақат бар. Ішіне бір жарым литр қан ұйып қалған. Жаралар тігілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде, тыныс алу аппаратына қосылған", - дейді облыстық аурухана директорының орынбасары Мұхаметжан Нұрғазиев. 

Екінші науқас тыныстандыру аппаратынан ажыратылды, ол есін жиған. Ішек жарақаты бар үшінші жігіт қан айналдыратын аппаратқа қосылған. 

Куәгерлердің сөзінше, атыс кезінде бірнеше адам мерт болған. Ішкі істер департаментінің өкілдері бұл ақпаратты растаған да жоқ, жоққа да шығарған жоқ. "Қазіргі кезде жедел іздеу шаралары жүріп жатыр. Істің өзге тұстары тергеуге бөгет болмас үшін айтылмайды", - деді ведомство өкілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети