Маңғыстау облысында ер адам таныс әйелінің пәтер есігін өртеп жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында ер адам таныс әйелінің пәтер есігін өртеп жіберді ©REUTERS

Маңғыстау облысында ер адам өзін ренжіткен әйелдің пәтері мен дүкенінің есігін жағып жіберді, - деп хабарлайды "Лада" құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында ер адам өзін ренжіткен әйелдің пәтері мен дүкенінің есігін жағып жіберді, - деп хабарлайды "Лада" құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Оқиға Бейнеу ауылында болды. 43 жастағы әйел танысының өзінің жеке мүлкін бүлдіргенін айтып, арызданған. Әйел 32 жастағы танысының пәтері мен азық-түлік дүкенінің есігін жағып жібергенін және терезелерін сындырып, қашып кеткенін айтты.

Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындады. Бірақ ол не үшін бұл іске барғанын айтудан бас тартты. Ер адам әйелдің бұдан да артық жазаға лайық екенін айтты. Осы дерекпен полиция бөтен адамның мүлкін бүлдіруге байланысты баппен қылмыстық іс қозғады. 

Сонымен қатар, дәл осы баппен Ақтау қаласының 41 жастағы тұрғынына қатысты іс қозғалды. Ол 22 жастағы көршісінің көлігінің терезесін сындырды. Жігіттің айтуынша, олар аулада көлік тұрағына таласып қалған. Болжам бойынша, ер адам осы себепті тас алып, "ВАЗ-21099" автокөлігіне лақтырған. 

Зардап шеккен адам материалдық шығынның 15 мың теңге болғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети